Тамыз айында ауа райы қандай болады?

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК директоры Данара Әлімбаева айтты.

Алматы, NEGE.  «Тамыз айында күннің ұзақтығы солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады. Сондықтан ауаның орташа айлық температурасы тамыз айында шілдеге қарағанда 2-2 жарым градусқа, ал оңтүстік облыстарда 1 градусқа төмен болады. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа айлық температурасы 16-20 градус, оңтүстікке қарай 27-29 градусқа жетеді», - деді Д.Әлімбаева.

Болжам бойынша жаздың соңғы айы климаттық норма шамасында болады.

Ауа массаларының жиі алмасуына байланысты жауын-шашынсыз ыстық күндер мен салқын жаңбырлы күндер қатар болатынын айтып өтті.

«Бұл Скандинавия аймағынан суық ауа массаларының енуіне және Жерорта теңізі мен Ираннан шығатын оңтүстік циклондармен байланысты», - деді.

Қазір оқып жатыр

«Өз уақыты бар»: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Владимир Путин Пасхаға байланысты Украинамен уақытша бітім жариялады

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ