Тамара Асар тұрмысқа шықты
Қуанышты хабарды әншінің құрбысы, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева жеткізді.
Алматы, NEGE. "Ақ Томидің маған ақ ниетпен жайған дастарқанында. Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағарып,
Ақ Қамбардың артынан көп Қамбарлар ере берсін.
Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар!
Ешқашанда байлығын көрсетіп мақтанбайтын, жеке өмірін көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде төгетін, “Құдай көтере білгенге береді” деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын – Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесін!", – деп жазды ол.
Ал, Тамара Асар өмірінде бұндай өзгерістер болып жатқаны жөнінде еш жерде бөліспеген.