Тамара Асар екінші баласын босанды

Жуырда отандық кәсіпкерге тұрмысқа шыққаны белгілі болған танымал әнші Тамара Асар қыз баланы дүниеге әкелді.

Алматы, NEGE. Өнер иесі қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті. Тамара Асар ең алдымен түсінде көпбалалы әншілер Қыдырәлі мен Қарақатты, сондай-ақ алты бала босанған анасын көргенін айтқан.

Тамара Асар өзінің tamara_assar_official парақшасына былай деп жазды: 
-Апа, мен Қарақатқа барып келейін, ауылынан мамасы келіпті, амандасамын, сосын ол кісіден бір нәрсе сұрауым керек еді-дедім.
-Барғың келсе бар, жолда абай бол, қасыңда сенімді ерадам болса әрине -деді.
Көрші тұратын Қыдекем мен Қарақаттың үйіне ұзаааақ жиналдым.
Бір кезде шешем,
-күн суықтау сияқты жылы киінші-деді,де шкафтың түп жағына қолын зорға созып, ішіне кіріп кете жаздап, иін-тіресіп тұрған көп киімнің ішінен әрең дегенде бір пальтоны суырып шығарып алды. Сол пальтоны алғанша терлеп те кеткен, қолына ұстап алып, қағып-сілкіп жатыр. Маған таныс пальто:
-Мынау менің жас күнімде киген бәлтем, әкең алты айдың жалақысын жинап сатып әперген. Жарықтықты сақтап жүргенмін бір керекке жарар деп, қарашы әлі су жаңа мә киіп ал. Өзі жып-жылы, бағасы да арзан емес. Әке мен шешеден көз болған, жылумен сұлуын жоғалтпаған әдемі бәлтені киіп шықсаң, саған бүкіл ел қызығатын шығар-деп кигізіп тұрып:
-Мәәә құйып қойғандай шап-шақ екен,жараса қалды-деді де қатты құшақтап тұрып, бетіме тіке қарады да, есікті өзі ашып, көзімен қолымен жол көрсеткендей болды.

"Оянып кетіп төбеге қарап ойланып, өздігімнен күбірлеп, түсімді жори бастадым. Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген, оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда... мен де... шын ба? - дедім де, қуанғаннан көзімнен жас мөлт етті… Өмірге бүгін Ажар Жұмашқызы келді. Шүкір Аллаға", - деп жазды ол. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді