31 августа 2021 г. 13:34

Тамара Асар: Аяғым жұлынып аспанға ұшқанын да білдірмегенмін

Фото:

Оқырмандарының бірі әншінің жекесіне жағымсыз хат жазған. 

Алматы, NEGE. Өз жазбасында ол кезінде Тамара Асардың арбада отырып, демеуші іздегенін, ал бүгінде халыққа танымал әнші болғандықтан, қарапайым адамдарды менсінбей кеткенін меңзеп жазған. Оқырманның жазықсыз жаласы, ауыр сөздері Тамара Асардың жанына батса керек, әнші көзіне жас алып қалғанын жеткізді. 

Ол хат иесіне Instagram-дағы парақшасында жауап берді.

"@sul.gulmira71 деген кісі дирекке менің өткен өмірімдегі, балғын кездегі тағдырдан көрген қиындықтарды әшкерелеп, өтірік қосып жазыпты.
Ешкім тағдырын таңдамайды. Тағдыр жазылады. Жаратқанға жалбарына отырып, оның амалдарын өзің реттейсің. Ыңғайланасың. Өзіңмен өзің күресесің. Айла-амалына бейімделесің. Еңбектенесің!", - деп бастады сөзін Тамара. 

Ол жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алғанын, тіпті мүгедек арбада отырғанын растады. Бірақ: 

"Бірақ “АРБАДА ОТЫРЫП, Қаражанбасмұнайға демеуші іздеп бардың” деуіңіз үлкен ӨТІРІК!

"Мені Алла Намысшыл, өр, аршыл, кінәмшіл, еңбекқор етіп жаратыпты.
Аяғым жұлынып аспанға ұшқанда да оны тонмен жауып, адам баласының көзіне көрсетпегенмін. Арбамен, балдақпен мекеменің офисіне бармақ түгілі, бір досымның көзіне де көрінбегенмін. Арбада отырғанда үйден шықпай отырып, бірен-саран бала оқытқанмын. Ал аяғымды басқан күннен бастап, өзі ауыр,өзі томардай жуан протезді, екі түрлі размердегі аяқ киімді әдемі ұзын юбканың астына жасырып, жарақаттың қаны сорғалап тұрса да, ән шырқап, сахнаға шыққанмын", - деді Тамара Асар.

Бұдан бөлек, Тамара Асар осы уақытқа дейін тіпті, бас ауруына шағымданып көрмегенін кесіп айтты. Қандай қиын жағдайға түссе де, мүгедекті сылтауратып, ешкімнен көмек сұрамағанын жеткізді. 

"Қандай қиын заман туса да ешқашан мүсәпірсіп, қайыр сұрап, мүгедектікті мүсе тұтып ешкімнің есігін қаққан емеспін. Осы күнге дейін айналамдағы бір досым, “басым ауырды, балтырым сыздады” деген сөзді менің аузымнан естіген емес,көрген емес!
Қазіргі таңдағы белең алған “қайыршылық сана мен құрбандық (жертва) рольден арылтатын мен білетін жол- ЕҢБЕК, НАМЫС, Әдемілікее ТАЛПЫНЫС!

Бөрі арығын білдірмей, екі аяқты сұлу етіп, теңестіру жолындағы сіңірген еңбегім шаш етектен! Шүкір", - деп түйіндеді сөзін ол.

Тегтер: