Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Ол Премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды. Тамара Дүйсенова бұл қызметке 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған болатын.