Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысын тексерді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасының Ақмола облысында іске асырылу барысын тексеріп, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады

агропресса

Ақмола, NEGE. «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың бірі, Атбасар ауданының тұрғыны Виталий Дубинин 3,5 млн теңгеге көлік жөндеу стансасын ашқан. Ал, Аида Мейрамова наубайхана жұмысын ұйымдастырып, 8,6 млн теңгеге жеңілдігі бар несие алған. Қазіргі таңда наубайхана 16 адамды жұмыспен қамтыған.

Тамара Дүйсеноваға «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар шығарған өнімдердің өңірлік көрмесі ұсынылды.

Вице-премьер өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірлесіп облыстың аудандары мен ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен бағдарламаны іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Онда басқа да салаларда жүзеге асқан үздік жобалар қаралды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері өңірдегі медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды.

Сонымен қатар, спортты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізіліп, спорттық ұйымдар мен мектеп басшыларына жиналыс өткізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?