Тәліптер дәрігерлерге әйелдерді ер адамның бақылауынсыз қабылдауға тыйым салды
Ауғанстанның Газни провинциясында тәліптер әйелдерге қатысты жаңа тыйым енгізді. Енді дәрігерлер ауруханаға ер адамсыз келген нәзік жандыларды қабылдамайды.
Алматы, NEGE. Басылым дерегінше, Мукур ауданында ауруханаға әйел туыстарымен келген бірнеше жағдай тіркелген. Биліктің ойынша, мұндай әрекет "заңға қайшы және адамгершілікке жат". Сондықтан олар дәрігерлерді ер адамсыз келетін әйелдерді қабылдамауға шақырды.