Тәліптер Ауғанстанда соғыс аяқталғанын мәлімдеді

"Талибан" қозғалысының өкілі (Қазақстанда тыйым салынған - ескерт.) елдегі соғыс аяқталғанын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы,NEGE. "Әл-Жазира" телеарнасы эфирінде "Талибан" қозғалысы саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстанда соғыс аяқталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жақын арада елдегі басқару формасы бекітіледі.

"Біз елімізде 20 жыл бұрын басталған бұл соғысты аяқтадық", - деді Мұхаммед Наим.

Талибан өкілі ауғандар мен елдегі дипломатиялық миссиялар қауіпсіз өмір сүретініне кепілдік беретінін айтты. Мұхаммед Наимнің сөзіне сенсек, олар барлық ауған басшысымен диалогқа дайын және оларды қорғауға кепілдік береді.

Оның айтуынша, қозғалыс басқа мемлекеттермен байланысын сақтайды және халықаралық қоғамдастықтың қорқынышын сейілтуге дайын.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді