«Талибан» Ауғанстанның жаңа үкімет құрамын жариялады

Ауғанстан үкіметі құрамын жариялады. Оның басшысы ретінде Мохаммад Хасан Ахун аталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Талибан үкіметтің (ҚР-да террористік қозғалысқа тыйым салынған) жарияланған құрамы уақытша деп мәлімделді. Талибан үкіметіндегі негізгі құрамы мынадай:

 СІМ басшысы – Әмір Хан Муттаки, Қорғаныс министрлігінің басшысы – Талибан лидері мулла Якуб, ІІМ басшысы – Саражуддин (Халифа) Хаккани, босқындар министрі –  Халил Хаккани, барлау басшысы – Абдул Хак Васик, экономика министрлігінің басшысы – Мохаммад Ханиф, Қаржы министрі – Хедаятулла Бадри, Орталық банк басшысы – Мухаммад Идрис.

Сондай-ақ "Талибан" саяси Кеңсесінің Басшысы мулла Барадар вице-премьер болғаны белгілі болды.