«Тальго» пойыздарына 1,3 мың бейнебақылау камерасы орнатылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында 24 Talgo пойызының вагондарына бейнебақылау жүйесін орнатуды толықтай аяқтады. Барлығы 1350 камера іске қосылып, пойыз ішіндегі жағдай тәулік бойы үздіксіз бақылауда.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бейнебақылау жүйесі вагондар, кіреберістер мен шығаберістер, ортақ пайдаланылатын аумақтарды қамтиды. Бұл шаралар оқыс оқиғалардың алдын алуға, құқықбұзушылықтарды болдырмауға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жүйеден алынған ақпарат тек Ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді. Бейнематериалдар жолаушылар шағымдарын әділ әрі жан-жақты қарау үшін қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде