Талғат Жайлауов «Барысқа» қайта орала ма?

Қазақ хоккейінің аты аңызға айналған cпортшысы Талғат Жайлауов «Барыс» сапында 3х3 лигасында өнер көрсетеді.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы  Артур Хайруллин өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Өскемендік түлек астаналық «Барыс» сапында 12 маусым өткізді. Оған дейін 5 жыл бойы «Қазцинк-Торпедоның» намысын қорғады. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті. Хоккейшінің соңғы клубы 2020-2021 жылғы маусымда «Сарыарқа» болды.

Ойындық мансабын аяқтаған Талғат Жайлауов «Номад» пен «Барыста» жаттықтырушы, «Сарыарқа» клубының директоры қызметін де атқарды.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды