Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 60 келіге дейінгі салмақта Орынбасар италиялық Винченцо Манферлоттиді жұбаныш айналымында таза жеңді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. 

60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға таласта Орынбасар әзербайжандық Низами Имрановтан басым түскен.

Айта кетелік, бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан командасының алғашғы жүлдесі.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды