Астанада дзюдодан өткен турнирде Талғат Орынбасар күміс медаль алды

Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Талғат Орынбасар (60 келі) күміс медаль алды.  

Қазақстан дзюдо федерациясы

Алматы, NEGE. Қазақстандық балуан финалда ресейлік Изнаур Сааевпен алтын жүлдені сарапқа салды. Белдесу барысында ол қарсыласына вазари әдісімен жеңіліп қалды. Осылайша турнирдің күміс медалін қанағат тұтты.

Талғат Орынбасар қазірге дейін жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үш мәрте қола медаль алды. Оған қоса Азия чемпионатында және Еуропа Кубогында бірнеше алтын еншіледі.

Ал 60 келіде жартылай финалда Аман Бақытжан Оңтүстік Корея балуаны Ли Харим, Мағжан Шамшадин франциялық Джин Энсоны қапы қалдырып, қола жүлдеге қол созды.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі