Талғарға жаңа әкім сайланатын күн белгілі болды

Алматы облысы Талғар қаласы әкімін сайлау күні 15 желтоқсанға белгіленді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Талғар ауданына қарасты аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.

Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін 15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков және орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған.

Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. Ал, Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков және оның орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев сөгіс алды.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады