Талғардағы колледждердің біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті

Алматы облысы Полиция департаментіне 30 қараша күні сағат 12:10-да кезекші бөлімге М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде салынған бомба туралы ақпарат түскен.

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады.

Аталған дерек  ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша Талғар ауданы ПБ-ға тіркелді.

Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға берілетін болады.