Талғардағы жасөспірімнің қазасына қатысты 10 адам күдікті деп танылды

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Осыған дейін әлеуметтік желіде аты аталған Хасан Қасымбаевтың бұл іске ешқандай қатысы жоқ екені айтылды. 

«Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Оқиға орнында 7 күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды.13 қазанда қосымша тағы үш адамды анықтадық. Бұл видеода көрсетілгендер. Тағы 2 адам қылмыстық қудалаудың шеңберінде. Бірақ олардың мәртебесі – қорғану құқығы бар куәгер», - деді Бауыржан Әленов.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болат бір топ қаскөйдің қолынан қаза тапқан еді.

Қылмыстық іс ҚР Ішкі істер министрлігі басшысы мен Бас прокурордың ерекше бақылауында.