Талғардағы оқиға: Шерзат Болаттың үйін өртеген жерден қолғап пен канистр табылды

Талғарда өлтірілген Шерзат Болаттың үйін өртеген жерден қолғап пен канистр табылды, деп хабарлады Алматы облысының прокуроры Берік Адамов.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметінше өрт сырттан басталған. 

«Оның отбасы тұрған үйдегі өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, алты жүзден аса адам сұралды. Оқиға қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзін қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізілуде. Шығын көлемі анықталып жатыр», - деді Берік Адамов.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды