Талғардағы оқиға: Шерзат Болат қаза тапқан орынға тұрғындар гүл шоқтарын апарып жатыр

Талғарда жергілікті тұрғындар қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтарын апарып жатқан видео тарады. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде тараған видеода дүкеннің кіреберісіне Шерзаттың суреті қойылған, ал тұрғындар гүл шоқтарын апарып жатыр. 

4 қазанда Талғар қаласындағы төбелесте 16 жастағы Шерзат Болатты ата-анасының көзінше аяусыз өлтірді. Төбелес кезінде Шерзаттың жүрегі мен өкпесіне пышақ сұғылғаны, тепкілеп, басынан мылтықпен ұрғаны айтылып жатыр. 

Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты іс қозғалып, 7 адам қамауға алынды.