Талғардағы оқиға: Полиция кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Барлық кінәлі адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу топ жұмыс атқаруда.

Барлық жиналған дәлелдер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттелуде.

Қазіргі уақытта жеті адамның қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды.

Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа тұлғалардың қатысын анықтау үшін тергеу шеңберінде тексеру жүргізілуде. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Қайтыс болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабардар етуде.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады