Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау ісі: Полицейлер сотталып жатыр

Алматы облысында Талғар ауданында әрекетсіздік танытты деп айыпталған полицейлерге қатысты жабық сот басталды, деп хабарлады «Жетінші арна».

Pixabay

Алматы, NEGE. Сот баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз өтуде, себебі айыптаулар өте ауыр және зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар бар.

Сот барысында айтылған ақпаратқа сәйкес, олардың назарсыздығы мен арызға тиісті құқықтық баға бермеуі күдіктінің бостандықта қалуына мүмкіндік берген.

Оқиға 2025 жылғы 6 қыркүйекте Қызылқайрат ауылында болған. Мемлекеттік айыптаушының нұсқасы бойынша, көлік жөндейтін орында жұмыс істеген ер адам жергілікті әйелді зорлаған және бір ай бойы оны қорқытып келген. Кейін ол әйелдің бауырын өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен.

Оқиғаның алдында жәбірленуші әйел полицияға арыз жазған. Алайда күдікті оқшауланбаған, іс қозғалмаған.

Қоғамдық резонансқа байланысты қадағалаушы органдар полицейлерге қатысты да қылмыстық іс қозғаған. Қазір сот оларды негізгі қылмыстық процесстен бөлек қарауда.

Қазір оқып жатыр

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтеріне қоныстанды

500 мыңнан астам қазақстандық қарызын өтей алмай жүр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды