Талғардағы қылмыс: Жасөспірімнің өліміне қатысты күдіктілер Қонаевқа ауыстырылды

Алматы облысының Полиция департаменті Талғар қаласында 16 жастағы жасөпірімнің өліміне қатысы бар күдіктілердің Қонаев қаласына жеткізілгенін хабарлады.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыстық іс Талғар қаласынан Қонаевтағы облыстық тергеу басқармасына берілген.

– Қылмыстық іс облыстық тергеу басқармасына берілді, сондықтан күдіктілер Қонаев қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.