Талғардағы қылмыс: прокурорлар полицияның әрекетсіздігін тексеріп жатыр

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы қайғылы жағдайдан кейін жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне байланысты қылмыстық іс қозғады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктіні уақытылы ұстау бойынша тиісті шара қабылдамаған. Ол Қызылқайрат ауылында ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен.

Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынған.

Сонымен бірге прокуратура жалған ақпарат таратпауға үндеп, тек ресми мәліметке сенуді ескертті. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды.

Еске салайық, 6 қыркүйек кешке Алматы облысы Талғар ауданында бейтаныс адам ер азаматты атып, кішкентай қызды алып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?