Талғарда оқушыны итеріп жіберген мұғалім жұмыстан шығарылды

Алматы облысында Талғардағы мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыны итеріп жіберген видеосынан кейін жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Алматы облысы білім басқармасы мәліметінше, оқиға биыл қазанда болған. Оқушының ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Дөрекі мінез көрсеткен мұғалім қызметінен босатылды. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Видеода мұғалім оқушыны қалай итеріп жібергені көрсетілген. Облыс әкімдігі оқиғаның лицензиясы жоқ жекеменшік мектепте болғанын айтты. Прокуратура дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар топ мүшелері ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды