Талғарда қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымақұлы Байбатыров тағайындалды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бауыржан Байбатыров 1987 жылы 29 қазан күні дүниеге келген. Білімі — жоғары. Орталық Азия Университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі — 8 жыл.

Еңбек жолын 2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маман болып бастаған. 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды. 2023 жылдан бері Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Путин Қазақстанға сыйға тартылған Амур жолбарыстары туралы айтты

Арқалықта мектептің шатыры өртенді

ҰҒОО Орталық Азиядағы МАГАТЭ-нің алғашқы Anchor Centre болады