Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті ұсталды (видео)

Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды.

«Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына ТЖД жеке құрамы және қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты», – делінген хабарламада.

Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?