Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды
Алматы облысы Талғар қаласының әкімі болып Қайрат Исабаев тағайындалды. Бұл туралы өңірлік әкімдік Instagram парақшасында хабарлады.
Алматы, NEGE. Талғар ауданы сайлау комиссиясының дерегінше, сайлауға тұрғындардың 58 пайызы қатысқан. Ал әкім лауазымына 3 кандидат ұсынылған.
Нәтижесінде Қайрат Исабаев сайлаушылар дауысының 53,5 пайызын, Абзал Сағымбекұлы 35,3 пайызын, Ұлан Қызайбек 7,7 пайызын жинаған. Сондай-ақ, сайлаушылардың 1,6 пайызы бәріне қарсы дауыс берген.
Аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қайрат Кәрімұлы 1968 жылы дүниеге келген, Қызылқайрат ауылының дәрігелік амбуляториясының меңгерушісі, әкім лауазымына өзін-өзі ұсынған. Ол Талғар қаласында тұрады.
Сондай-ақ, Исабаев Талғар аудандық орталық ауруханасында лауазымды қызметтер атқарған.