Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы, Талғар ауданы әкімінің өкімімен Талғар қаласының әкімі лауазымына Нұрмұханбет Айдар Болатбайұлы тағайындалды.

Алматы, NEGE.  Айдар Болатбайұлы 1979 жылы 29 маусымда Қапшағай қаласында дүниеге келген.

2006 жылы Дінмұхамбет Қонаев атындағы университетті "құқықтану" мамандығы, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек еткен жылдары әкімдікте, сол секілді әділет саласында түрлі лауазымда қызметтер атқарған. Ол 2017 жылдан 2020 жылға дейін Талғар аудандық әділет басқармасының бастығы болды, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды