Талғар балабақшасында төрт жасар қыз моншаққа тұншығып қайтыс

Талғарда төрт жасар қыз балабақшада пластикалық шарға қақалып, қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Жазатайым оқиға 26 қарашада Талғар балабақшаларының бірінде болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасс зат (шар) табылды. Соталды тергеп-тексеру ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүріп жатыр. Тергеу бақылауға алынды", - деді облыстың Полиция департаменті өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты