Талғар ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешовке қатысты сот үкімі шықты.

Алматы, NEGE. 14 желтоқсанда Алматы облысы Талғар аудандық соты Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешовке және Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа қатысты үкім шығарды.

Айыпталушылар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген.

"Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 миллион теңге айыппұл салынды. Осы үкім бойынша, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа 29,7 миллион теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев ТКШ бөлімінің басшысы мен орынбасарымен бірге ұстағаны хабарланған болатын. Кейін шенеуніктердің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады