Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Әкімдіктің хабарлауынша, ол бүгін таңертең пневмониядан қайтыс болған.

"Бүгін таңертең аудан әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Жолан Ыбырайақынұлы 1979 жылы туған. Туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Жолан Омаров 2019 жылдың қыркүйегінде Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды. 

Жолан Омаровтың артында жұбайы мен төрт баласы қалды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді