Талғар ауданында такси жүргізушісін 37 жерден пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысы Талғар ауданының полиция басқармасы 37 жерден пышақталған ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. 17 желтоқсанда полицияға Кеңдала ауылының шетінде ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен, 18 желтоқсанда мәйіттен 1 200 метр қашықтан марқұмның көлігі табылды. Ол жолаушы тасымалымен шұғылданған.

"Қылмыскер қылмысты алдын ала егжей-тегжейлі ұйымдастырған. Бір реттік абоненттік нөмір, ұялы телефон және сапалы қару пайдаланған. Қылмыс жасауға болатын және ол жерден кете алатын орынды білген", - делінген полиция хабарламасында.