Талғар ауданы әкімінің орынбасары жер учаскесін заңсыз сатты деген күдікке ілінді

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алматы. NEGE. Алматы облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол Талғар ауданының Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымында болған кезде, 2017 жылы 16 жер учаскесінің заңсыз сызбасын мақұлдаған. Күдікті Алматы халықаралық әуежайының жанындағы Панфилов ауылдық округінде орналасқан жалпы аумағы 1 гектар Жұмабаевтың және басқа тұлғалардың атына, жеке басын куәландыратын заңсыз құжат дайындап, жекеменшік құқығын тіркеген", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Рыспеков ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабы бойынша уақытша тергеу изоляторына қамалған. Іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді