Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды

Талғар қаласының әкімі қызметін Арыстанбек Әбілқайырұлы атқаратын болды.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Арыстанбек Әбілқайырұлына 9071 сайлаушы дауыс берген.

Сайлаушылар тізіміне барлығы 42 774 адам енгізілді, оның 12 875-і дауыс берді. Қала әкімі лауазымына үміткер Жәнібек Кәденов 1 875, Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. 182 сайлаушы барлығына қарсы дауыс берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды