15 октября 2024 г. 18:17

Хасан Қасымбаевтың бауыры Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Фото: gov.kz

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. «Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков және оның орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген ресми ақпаратта.

Осыған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.