Талдықорғанда Абайға ескерткіш орнатылды

Ұлыстың Ұлы күнінде Талдықорған қаласында Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігі хабарлады.

Алматы, NEGEАқынның мүсіні Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрының алдына қойылды. Ескерткіштің шымылдығы Мұхтар Әуезовтің «Абай» қойылымының үзіндісімен ашылды. Қойылымда Б.Римова атындағы драма театрының әрістерімен бірге басты рөлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Болат Әбділманов өнер көрсетті.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жетісулықтарды айтулы тарихи жаңалықпен құттықтап, Абай ескерткіші ашылуының Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуінде үлкен символдық мән бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, ескерткіштің тұғыры гранит пен мрамордан дайындалған, мүсіні қоладан құйылған. Тұғыры – 5,3 м, мүсіні – 3,6 м. Ескерткіштің сәулетшісі – Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, ұзақ жыл Сәулетшілер одағын басқарған сәулетші – Ақмырза Рүстембеков. Мүсіншісі – Мейірлан Әзмағанбетов. Ол бұған дейін Талдықорғандағы Сүйінбай Аронұлының, Ғали Ормановтың, Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіштерін, «Аялы алақан» композициясын жасаған.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?