Талдықорғандағы зауытта жарылыс болды

Талдықорғанда автокөлік шиналарын қайта өңдеу цехы өртеніп, үш адам зардап шекті. Біреуінің жағдайы ауыр.

Алматы, NEGE. Департаментке өрт туралы хабарлама 25 тамызда 03.25-те келіп түскен. Мәлім болғандай, өңделген шиналарға арналған 5 текше метрлік ваккумдық пиролиздеу резервуарында жарылыс болды. Ол ашық алаңда орналасқан, артынан жанындағы ескі шиналар тұтанып, 80 шаршы метр жерді өрт шарпыды.

“Өрт салдарынан 1962, 1969 және 1977 жылғы үш жұмысшы зардап шекті. Екі ер адамның жағдайы орташа. 1977 жылы туған азаматтың жағдай ауыр. Үшеуі де көпсалалы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Өрт ошағы таңғы сағат 04.27-де оқушауландырылып, 04.49-да сөндірілді. Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар департаментінің 9 техникасы мен 24 қызметкері барды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мен су және электр желілері қызметкерлері де сол жерде болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша, өрттің шығуына жұмыс аумағында технологиялық процестің дұрыс атқарылмауы себеп болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді