Талдықорғандағы қонақүйде кісі өлімі тіркелді

2025 жылғы 24 мамыр түні Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, оқиға орнынан 12 пышақ жарақатын алған әкімшінің денесі табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

polisia.kz

Алматы, NEGE. Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының айтуынша, ізін суытпай 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған.

«Талдықорғандағы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді» - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) өртке қатысты қосымша мәлімет ұсынды.

Белгілі болғандай, өрт 04:14 кезінде қонақүйдің бірінші қабатында тіркелген.

«От ресепшн аумағында тұтанып, 20 шаршы метр жерді шарпыды. Өрт 04:29-да толық сөндірілді. Құтқарушылар 35 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады», - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды