Талдықорғандағы екі адамның өліміне қатысты тың дерек шықты

Талдықорғандағы жеке тұрғын үйлердің бірінен аса айуандықпен өлтірілген екі адамның өліміне қатысты тың дерек шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жантүршігерлік оқиға 5 қаңтар күні болған. 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлының денесін қонақтан қайтқан немересі бірінші болып көрген.

Оқиға орнына келген полиция өкілдері марқұмдар бірнеше жерден салған пышақ жарақатынан кейін қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда зейнеткердің көршілері марқұмның аса қатыгездікпен азапталғанын және ұлы екеуін малша бауыздап кеткенін айтады. Қылмыс орнында арнайы сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық іс адам өлтіру бабы бойынша қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу құпиясына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген Талдықорған полициясы таратқан мәлімдемеде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр