Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті

Аталған факті 3 мамырда Көктал шағын ауданында болды.

Алматы, NEGE. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды.

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.