Талдықорғанда жүйке ауруына шалдыққан адам ұйықтап жатқан жігітке пышақ салған

Талдықорған полицейлері қарақшылық дерегін ізін суытпай ашты.

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпқабатты үйдегі пәтерлердің біріне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша тіркелді («Тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған қарақшылық»).

Оқиға орнына жеткен Шығыс ҚПБ жедел уәкілдері жәбірленуші мен оның әпкесі көрсеткен белгілерге назар аудара отырып, 3 сағат ішінде күдікті - облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын сол маңдағы аулалардың бірінен ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында күдіктінің шизофрения диагнозы бойынша есепте тұратындығы анықталды. Оның ашық есікті пайдаланып, екінші қабаттағы пәтерге кіріп, үстелден ас үй пышағын алғаны және ұйықтап жатқан 24 жастағы тұрғынға бетіне және басына пышақ жарақатын салғаны анықталды. Күдікті көрші бөлмедегі дауысқа жүгіріп шыққан зардап шегушінің әпкесіне тиіспейтіндігін айтып, ұялы телефон мен қуаттағыш құрылғыны алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Заттай дәлелдемелер пышақ, телефон, қуаттағыш құрылғы іске айғақзат ретінде қоса тіркелді. Қоғамға қауіп төндіретін күдіктіні сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, оны қоғамнан оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»