Талдықорғанда жолдағы шұңқырды жамаған алты жасар бала көпшілікті тәнті етті
Желіде жолдағы шұңқырды жамаған алты жасар баланың суреті тарады.
Алматы, NEGE. Талдықорғандық кішкентай бала 6-шағын аудандағы жаяу жүргіншілер жолындағы шұңқырды қолынан келгенше жамап қойған.
Желіде балақайдың суреті жарияланған жазба көпшіліктің көңілінен шықты. Үлкендер бара алмаған істі қолына алған кішкентай ғана баланың әрекеті барлығын тәнті етті.