Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысатын жігіттердің жеңгетайы ұсталды

Талдықорғанда интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынған жеңгетай ұсталды.

Алматы, NEGE. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, к риминалдық полиция басқармасына облыс орталығындағы моншалардың бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны, яғни жігіттер жеңгетайлығымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жүргізілген іс-шаралар барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірін тікелей бергені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, ал өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан