16 октября 2022 г. 17:45
Талдықорғанда заңсыз қиыршық тас өндірушілер анықталды
Полицейлер экологтармен бірлескен рейд барысында Қаратал өзенінің жағасында екі жүк көлігі мен экскаваторды ұстады, – деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Автотехниканы заңсыз құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін пайдаланған. Қалалық полиция бөліміне түсініктеме беру үшін үш адам жеткізілді.
– Ұсталған азаматтар қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Осыған байланысты дерек ресми түрде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу ретінде тіркелді. Техника тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды, – деді Жетісу облысы ПД ЖПБ ТҚП аға инспекторы Бағлан Рымжанов.