Талдықорғанда үш жасар баланы ұрып өлтірген күтушіге үкім шықты
Талдықорған қалалық соты күтуші әйелдің үш жасар баланы өлтіруіне қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Тергеу аясында баланың бірнеше рет соққыға жығылғаны анықталған.
Істің мән-жайын ашу мүмкін болмағандықтан, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралған.
"Жеңілдететін мән-жайларды соның ішінде соттылығының жоқтығы, өкінетіні, ескере отырып, сот айыпталушыны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында үш жасар баланы өлімші етіп сабап, өлтірді деген күдікті қолға түскен болатын. Үш жасар сәби бір жасар інісімен бірге сол күтушінің үйінде тәулік бойы бақылауда болған. Сәби ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Дәрігерлер нәрестенің денесінен көптеген жарақаттарды тауып, ауыр бас-ми жарақаты деген диагноз қойды.