Талдықорғанда спорт мектебінің жаттықтырушысы жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді

Талдықорған полициясы Жетісу облысының жауынгерлік самбодан 25 жастағы аға жаттықтырушыны ұстады.

Алматы, NEGE.  Жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Қадыр Тенбаевты 14 жасар жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті деген айыппен ұстады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121 бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша қылмыстық іс қозғалды Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық полиция.
 
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті баланың жаттықтырушысы болған. Істің тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті