Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан жасөспірім видео үндеу жасады
9 қаңтар күні Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде мектеп оқушылары араларындағы қызды жабылып ұрған сәтті түсіріп алған видеосы тараған болатын.
Алматы, NEGE. Жәбірленуші полицияға соққыға жыққан қыздардың үстінен шағым түсіруден бас тартқан. Соған қарамастан болған оқиғаға байланысты әкімшілік іс қозғалды.
Шу тудырған видеоға қатысты қатарласын соққыға жыққан жасөспірім қыздардың бірі видео үндеу жариялады.
Видеодағы қыздар сыра ішіп, өздерінің іс-әрекетін сынағандарды былапыт сөздермен балағаттаған.