Талдықорғанда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған.

Алматы, NEGE. Мәйіттің табылғаны туралы жергілікті қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 4 шілдеде таңертең мәлімдеген. Кейін ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады. 

"07:00 шамасында аула сыпырушы мәйітті тауып, 102 нөміріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға алып кетті. Бұл – ақ сүлгіге оралған қыз бала", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.