Талдықорғанда індет шыққан үйлер карантинге жабылды
Талдықорғанда табылған коронавирус ошақтары карантинге жабылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE "Бүгін Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус тіркелген үйлердің аумағында карантин режимі енгізілді", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Карантин режимі Достық шағын ауданындағы № 25 үйдің, Қабылиса жырау көшесіндегі № 211Е үйдің 4-ші подъезіне және Сланов көшесіндегі № 76 үйдің аумағында енгізілді.
"Аталған мекен-жайдағы үйлер 16-29 мамыр аралығында карантинде болады, олардың тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп атап өтті баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырған 201 адам тіркелген, оның ішінде жетеуі Талдықорғанда.