6 августа 2023 г. 17:51

Талдықорғанда екі құрылысшы биіктіктен құлап, көз жұмды

Фото:
Бұл туралы 

Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай Талдықорған қаласындағы жаңа ықшам аудандардың бірінде орын алған. Құрылыс жұмыстарының барысында екі жас жұмысшы абайсызда құлап кеткен.

Оқыс оқиға облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінде болған.

Жұмыс барысында бірден екі құрылысшы 5 қабаттан абайсызда құлап кеткен. Жігіттер оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқан жігіттің біреуі небәрі 24 жаста болған. Артында әйелімен жаңадан туған 2 айлық нәрестесі қалды.

"Тергеу жұмыстары қалалық полиция басқармасына тапсырылып, прокуратура қызметкерлерінің арнайы бақылауына алынды" - деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: