Талдықорғанда автобус жүргізушісі шағымданған жолаушыларды автопаркке алып келген (видео)

Әлеуметтік желіде талдықорғандық автобус жүргізушісі шағымданған жолаушыларды автопаркке алып келген видеосы тарады.

Алматы, NEGE. Талдықорғанда №13 автобустың бір жүргізушісі жұмысқа шықпай қалған. Сол себепті, тұрғындар автобусты ұзақ күтуге мәжбүр болған.

Ашуланған халық аялдамаға тоқтаған №13 автобустың басқа жүргізушісіне шағым айтып, айқайға басқан. Әріптесі жұмысқа шықпай қалғандықтан, аялдамада автобусты ұзақ тосып қалған жолаушылардың ашу-ызасын өзіне алуға мәжбүр болады.  

Тұрғындардың шағымына шыдамаған жүргізуші мәселелеріңді басшылықтың тікелей өзіне айтыңдар деп, аялдамадан отырған барлық жолаушыны ойланбастан автотұраққа алып келген. 

Әлбетте, жолаушылар жүргізушінің бұл әрекетін құптаған жоқ.